TikTok желісінде қазақ тілі пайда болады

30 қыркүйек 2022, 18:07

TikTok компаниясының Еуропадағы мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі вице-президенті Тео Бэртрам Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен кездесті, - деп жазады  Alashainasy.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану жағынан ортақ тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.

 

Оған қоса, Дархан Қуандықұлы TikTok желісіне қазақ тілін енгізуді ұсынды. Компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын айтты.

 

TikTok желісі министрлік құзіретіне қарасты салада белсенді пайдаланылып жатыр. Мәселен, Bala house, «Ел бірлігі» жобалары жақсы қаралым жинап үлгерді.

 

Тео Бертрам компания ойын-сауық бағытынан интеллектуалдық, мәдени-рухани контенттер жасауға басымдық беріп отырғанын, Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуге әзір екенін айтты.