Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тоқаев әйелдердің 61 жасында зейнетке шығуы туралы заңға қол қойды

26 желтоқсан 2022, 11:08

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Заң мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, халықты жұмыспен қамтуға, жастардың дамуына қажетті мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Заңға жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту бойынша да өзгерістер енгізілді.

  
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға жастарды жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзыреттер беру көзделуде.

Сонымен қатар, заңда мына мәселелер де қаралды:

  • бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау мерзімінің ұзақтығын 1,5 жылға дейін ұлғайту;
  • ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне – 70%-ға тұрақты түрде жеткізу;
  • ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері – 120%-ға дейін;
  • әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 деп белгілеу;
  • жасына қарай зейнетақы төлемдерін есептеудің кіріс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 есеге дейін арттыру.