Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаумалаған жұрттың ішінен жақындай алмай тұрған үлкен кісілерді арнайы шақыртып, суретке түсті. Мемлекет басшысы Абай облысында іссапармен жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Абай облысындағы халықпен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев жиыннан кейін көпшілікпен суретке түсті. Жан-жақтан қаумалаған тұрғындардың арасынан Президент өзіне жақындай алмай тұрған қарттарды суретке түсуге өзі шақырды.
Сол-ақ екен халық жарыла жол беріп, кейуаналар Президенттің қасына жетті. Тоқаевтың бұл әрекетіне ырза болып, түрлі пікір жазып жатқандар көп