Қазақстандық футболшы Нұрәлі Әліптің тойында әлем чемпионатының финалы үлкен экраннан көрсетілді, деп хабарлайды Экспресс К.
Желіде Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліптің тойынан видео тарады. Жиналғандар екі жастың қуанышына ортақтасып қана қоймай, футболдан әлем чемпионы атанған Аргентина үшін де қуанып жүр. Алайда кей адамдарға бұл жақпай қалып, отандық футболшыларды сынап тастады.
"Қайдағы айдаладағы ел үшін қуанған қазағым-ай. Түк пайдасы жоқ", "Біреудің жеңісіне қуанып жүре бермейік. Өзіміздің футболшылар қайда?", "Тойдың шырқын бұзды ғой", "Әттең сол додаға Қазақстан құрамасы қатысқанда ғой", "Қумаңдаршы" — деп жазып жатыр жұрт.