Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркі кеңесінің мүшелері қарама-қайшылықта болмауы керек - Халил Ақынжы

21 желтоқсан 2022, 12:31

Орталық Азия медиафорумының екінші күні «Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі» панельдік сессиясынан басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

Онда түркі мемлекеттері ұйымының бірінші Бас хатшысы Халил Ақынжы сөз сөйледі. Ол елдерді халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

«Түркі кеңесінің мүшелері қарама-қайшылықта болмауы керек, бірақ бір-бірімен ынтымақтасуы керек. Түркі елдері Еуропадан Азияға дейін орналасқан, онда біздің көршілеріміз бар, біз олармен ынтымақтастықта болуымыз керек. Біз сондай-ақ ішкі қақтығыстарды шешуде рөл атқаруымыз керек. Біздің экономикамыз күрделі. Тек ынтымақтастық арқылы шешілуі керек мәселелер бар. Мысалы, су тапшылығы. Тағы бір маңызды мәселе – қауіпсіз аймақтық көршілік. Біздің көршіміз Ауғанстан, егер онда бірдеңе болса, бұл бізге тікелей әсер етеді. Бізде олармен Тарихи қауымдастық бар. Біз осы өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатуға үлес қосуымыз керек», - деді спикер.