Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

UFC-де Қытай атынан шыққан қазақ файтерінің жекпе-жегін FBI тексеретін болды

26 желтоқсан 2022, 18:08

6 қараша күні UFC Fight Night 214 турнирінде өткен Дэррик Миннер мен Сайран Нұрданбек арасындағы айқасты FBI (Орталық тергеу бюросы) тексеретін болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі Sports.ru порталына сілтеме жасап жазды. 

Бұл кездесудің 77-секундында Миннер техникалық (аяғы жарақаттанып, дәрігерлер тоқтатты) жеңіліп қалды.

 

ESPN ақпараты бойынша, осы жекпе-жекке бірнеше сағат қалғанда букмекерлік кеңселердің клиенті Миннердің жарақаты туралы ақпаратты біліп алған. Содан соң ол бірінші раундта Нұрданбек жеңіске жетеді деп қомақты ақша тіккен.

 

Осы себепке байланысты Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Миннер мен оның бапкері Джеймс Краузені шеттеткен. Ал FBI арнайы тергеуді бастаған.