ҰҚК: Ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 мүшесі ұсталды

17 наурыз 2023, 22:17

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш қалада арнайы операция жүргізді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.


15-16 наурызда ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейдің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді, — делінген хабарламада.


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ұсталғандардың өзге де қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталып жатыр.

Жалпы биыл дәл осындай шара Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысында жүргізілді.

baribar.kz