Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үкімет Заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарын мақұлдады.

27 желтоқсан 2022, 11:59

Үкімет Заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарын мақұлдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Үкіметінің ресми тelegram-каналына сілтеме жасап.

2022 жылы 22 заң жобасының төртеуіне Мемлекет басшысы қол қойды, тоғызы Парламенттің, тағы тоғызы Үкіметтің қарауында. Үкіметтің қарауындағы заң жобаларын желтоқсан айының соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр. Осылайша, осы жылдың жоспары толық көлемде орындалмақ.

Премьер-Министр биыл конституциялық реформа мен Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы бастамаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Алдағы жылы да бұл реформалар жалғасын таппақ.


Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, әзірленіп жатқан заң жобаларының тізбесіне уақытылы енгізу үшін Мемлекет басшысының заңнамалық тапсырмаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отыру қажет.

«2023 жылға арналған жоспарға 24 заң жобасы кіреді. Олардың ішінде әзірленіп жатқан Су кодексі, “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы”, “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” және “Аквадақыл туралы” заң жобалары ерекше маңызға ие. Заң жобаларының сапалы, уақытылы әзірленуі мен ұсынылуына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өздері жауапты болады», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.