Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлықбек Есдәулет: Сайлау – елді жаңғырту жолындағы бастамалардың бірі

19 наурыз 2023, 16:42

Сайлау – елді жаңғырту жолындағы бастамалардың бірі. Ал сайланушылар білімді, зиялы тұлға, білікті заңгер, білімді азамат болуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет бүгінгі сайлау науқанында дауыс беруінің мақсаты – Мәжіліске және жергілікті мәслихаттарға халыққа жаны ашитын білімді тұлғаларды таңдау екенін атады.

«Елімізді жаңарту, Әділетті Қазақстан құру, әділ қоғам құру – оңай шаруа емес. Оның бір басы әрине, заңдарға келіп тіреледі. Сондықтан Парламентте отыратын ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне-жеріне, халқына жаны ашитын адам болуы керек. Біз бүгінгі сайлауда Парламентке дәл осындай тұлғаларды, елдің мұң-мұқтажын көре білетін, айта білетін және заң жүзінде іске асыра алатын адамдарды таңдау үшін өз даусымызды бердік. Сайлау учаскесіне келгендегі ойым осындай болды», – деді Ұ.Есдәулет.