Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлытау облысының перзентханасында бала шетінеді: іс тергеліп жатыр

27 желтоқсан 2022, 09:19

Ұлытау облысы перзентханасының дәрігерлері осыған дейін Желіде "жаңа туған нәресте мерзімі өткен қоспаны ішкеннен кейін шетінеді" деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі жаңа туған нәресте бала туа біткен патологиямен дүниеге келгенін мәлімдеді.


"Қазіргі уақытта анамнез бойынша баланың анасы 11 аптадан 0 күнге дейін D есепте тұрғаны анықталды. Жүктіліктің екінші жартысы бактериялық - ішек инфекциясы, созылмалы бронхит, анемия, бронх-пневмония, пиелонефрит, паразиттік инфекция-аскаридоз және лямблиоз бен гестациялық қант диабеті, темекі шегу аясында күрделі өткен, бұл жатырішілік дамудың кешеуілдеуіне әкеледі, ұрықтың дамуындағы ақауларға жауап ретіндегі ұрықтың реакциясы болып табылады. Ұрықтағы бұл мидың екі жағындағы тамырлар өріміндегі кистоз түріндегі туа біткен ақауларының генетикалық қаупінің жоғарылауын көрсеткен", - делінген жазбада.

Ананың денсаулық жағдайының қолайсыз фонын және инфекциялық процестің оң зертханалық деректерін ескере отырып, науқас туғаннан бастап антибиотикалық терапия алған.

"Емдеу аясында баланың жағдайы жақсармаған, салмақтың патологиялық төмендеуі байқалған және ананың гипогалактиясын ескере отырып, аралас тамақтандыру тағайындалған", - делінген жазбада.

Орталық өкілдерінің айтуынша, баланың өлімін қоспамен байланыстыруға болмайды. Бұл қоспамен бұрын да балалар тамақтанған, асқыну болмаған. 

Ұлытау облысының полиция департаменті баланың қайтыс болу дерегін растады, алайда алдын ала қорытынды айтпады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, соталды тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған.