«UMAI» ұлттық сыйлығы беріледі

05 қазан 2022, 16:38

Мәдени ұжымдар мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін одан әрі дамыту, дәріптеу мақсатында тұңғыш рет UMAI ұлттық сыйлығы беріледі. Ұлттық премияның жүлде қоры – 54 млн теңге, деп хабарлайды  Alashainasy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

 

Сыйлық төрт негізгі санатқа бөлінеді: «Театр», «Музыкалық және орындаушылық өнер», «Хореография», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер». Сондай-ақ балалар жылына орайластырылған «Ең үздік балалар қойылымы үшін» арнайы сыйлығы бекітілді. Сараптама комиссиясының құрамында өнер саласындағы танымал тұлғалар бар, олар үздіктердің үздігін таңдау керек. Байқауға өтінімдерді қабылдау 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Нұрғиса Дәуешов, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі: – Сыйлық биыл жыл соңында еліміздің шығармашылық ұжымдарына және жекелеген орындаушыларға екі театрлық-концерттік маусымдағы, яғни 2020-2021, 2021-2022 жылдар аралығындағы айтулы шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктер үшін беріледі.