WBC Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады

02 маусым 2022, 10:23

WBC сайтында жарияланған мәлімдеге сәйкес, айқас алдында боксшылардан кез келген уақытта допинг-тест алынатыны жазылған.

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

WBC сайтында жарияланған мәлімдеге сәйкес, айқас алдында боксшылардан кез келген уақытта допинг-тест алынатыны жазылған.

«WBC бекіткен барлық хаттамаларды орындай отырып, екі спортшы да VADA-ның барлық талабы бойынша ықпалдастыққа толық дайындығын атап өтті. Себебі Сауль Альварес пен Геннадий Головкин Таза бокс бағдарламасына (CBP) қосылған. Ол бойынша 17 қыркүйектегі жекпе-жекке дейін екеуінен кездейсоқ допинг-тестілер алынып отырады», - делінген хабарламада.

sn.kz