Жұлдызды жаңалықтар

«1000 адамға 10 мың доллар беріледі»: желіде Димаштың сыйлық беретіні туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)

  • «1000 адамға 10 мың доллар беріледі»: желіде Димаштың сыйлық беретіні туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)

    «1000 адамға 10 мың доллар беріледі»: желіде Димаштың сыйлық беретіні туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)

Facebook әлеуметтік желісінде Димаш Құдайбергеннің 10 мың доллар сыйлық беретіні туралы ақпараты бар жалған парақша ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың басында осы желіде «Тиматиден сауалнама» атты жарнама жиі шыққан болатын. Ақпарат сенімді болып көрінуі үшін әртіс пен продюсердің атынан видеоүндеу жарияланған. Видеода олар сауалнамаға жауап бергендерге миллион теңге беретінін айтқан.

Сауалнамаға жауап бергендерді арнайы сайтқа бағыттаған, ол сайтта ақша ұтып алғаны үшін қомақты комиссия төлеуі керектігі туралы айтылған. Алаяқтар Димаш Құдайбергенді де айналып өтпеді. Facebook желісінде Diimaаsh деген парақша пайда болды. Аталған парақшада Димаштың суреті мен оны тікелей эфирінен үзінді жарияланған.

«Мен бүгін баршаңызға бата беремін. Бұл комментарий жазған алғашқы 1000 адамға (НАҚША) $ 10,000 алады. Мұның шын екеніне сеніңіз. Бұл сыйлық біздің сыйлықты бұрын-соңды жеңіп алмаған адамдарға арналған», - деп жазылған видео сипаттамасында.

Бұл жалған парақша екенінің тағы бір дәлелі &ndash пікірлер арасына парақша авторларының хабарлама қалдыруы болды.

«Сәлем барлық жанкүйерлер ... біздің командадан платформаға сенім білдіргеніңіз үшін рақмет. Инестацияны бастау үшін сіз өзіңіздің атыңызды тіркеуіңіз керек. Мұнда басыңыз => https://bit.ly/3tK4mOK , содан кейін нұсқауларды орындаңыз және сіздің аты-жөніңіз автоматты түрде сіз табысқа жеткеннен кейін тіркеледі, біздің команда сіздің жеңімпаз екеніңізге 100% көз жеткізеді», - деп жазылған хабарламада.

https://www.facebook.com/watch/?ref=external&v=263889155140045

Шын мәнінде осы сілтемеге өткен адамның жеке мәліметтері алаяқтардың қолына түседі. Осылайша банк қосымшалары мен парольдері алаяқтар үшін қолжетімді болып, олар оны өз мақсаттарына қолданатын болады.




Көрілген: 4405    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 11:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31