Жұлдызды жаңалықтар

13 жыл пәтерде тұрдым: Әбдіжаппар Әлқожа Алматыдан үй алды (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа баспаналы болды. Әнші 13 жыл пәтер алдап, ақыры өз үйіне қол жеткізді. Көпшіліктен сүйінші сұрап, қуанышын бөлісті. 

"Сүйінші ағайын!!! Алматыға келгеніме 13 жыл болыпты. Осы жылдар арасында еткен кішкене ғана еңбек, маңдай терімізге Алла нығметін төгіп үйлі болуды нәсіп еткен екен. Әлхамдулиллях. Бүгін сол үйімізге кіріп, ата-аналарымызды, аға-жеңгелерімізді шақырып, Құран оқытып, батасын алдық. Әулет, бауыр, дос-жаранның қуанышын жүзінен көрдік. Біз үшін қуана білетін аға-жеңге, ата-анамыз аман болсын. Өз үйімде тұрғаныма бір күн болды!

 https://www.instagram.com/abdizhappar_alkozha/?utm_source=ig_embed
13 жыл пәтерде тұрғанымды ұмытып кеттім ғой. Алла қуанышымызды сіздерге жұғысты етсін, тілекші қауым. Айтар болсам жазарым көп! Ең бастысы еліміз, сіздер аман болыңыздар. Мәпелеп, тәрбиелеп жетілдірген әке-анама алғыс", - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа. 

Өнер өкілдері, әріптестері мен желідегі тілекші қауым көп болып тілек білдірді. Жұғысты болсын, құтты болсын айтып жатыр.

"Берекелі қоныс болсын", - деп жазды Ғаділбек Жанай. 

"Құттты болсын, тағаджон", - деп жазды Төреғали.

"Құтты болсын! Үйіңде тек қуаныш, той болып, бақ-берекең таси берсін", - деп жазды Айгүл Елшібаева. 

"Құтты шаңырақ болсын!", - деп жазды Жасұлан Базарбаев.

"Жаным, туысқан, шаңырағың шаттыққа толып, шуақты күндерден көңілдерің шалқысын!", - деп жазды тележүргізуші Нұржан Аташ.

"Бәрекелді, құтты болсын, берекелі, мерекелі шаңырақ болсын, бауырым", - деп жазды актер Әсет Иманғали.




Көрілген: 2954    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 16:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31