Жұлдызды жаңалықтар

"22 күн кабинетте қондым": Нұрболат Абдуллин мамандығы туралы айтып берді

  • "22 күн кабинетте қондым": Нұрболат Абдуллин мамандығы туралы айтып берді



Нұрболат Абдуллин мамандығы бойынша мұғалім екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Нұрболат Абдуллин музыка пәнінің мұғалімі мамандығын алып, біраз жылдар бойы мамандығы бойынша қызмет еткен. Өнер иесі мұғалім болып жүріп Алматыға келген екен. Осылайша әнші өткен күнін есіне алды.


"2012 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында кәсіби шығармашылық факультетінің музыка кафедрасында оқығанмын. Мамандығым - мұғалім. Музыкадан сабақ беремін. Елдің, ата-анамның батасын алып, Алматыға келдім", - дейді Нұрболат Абдуллин.


Өнер иесі Алматыға келген күні мектепке мұғалім болып кіріп, директордың кабинетінде қонған екен. Артынша директорға айтпай тағы 22 күн сабақ беретін сыныбында тұрған. Бір тал қоңыр сөмкемен Алматыға көшіп келіп, өнерге қалай жақын болғанын айтты Абдуллин.


"Ең алғаш Алматыға келген кезде Глиэр атындағы мектептің директоры Алтын Махамбетова болған. Үлкен қала бір-ақ рет келген шығармын. Ол кезде аралап та үлгермегенмін. Қолымда үлкен қоңыр сөмкем бар. Диретордың кабинетіне барып, түйіндемемді тапсырдым. Содан кейін апай "Қонатын жерің бар ма? Квартира таптың ба?" деп сұрады. Жоқ дедім көзім бақырайып. Қазір іздеп жатырмын дедім. Сондан кабинетіме қон деді. Кабинетіне қонып, әлсіз жерімді көрсетпейін деп, ол кісіге айтпай, күзетшімен келісіп алдым. Сөйтіп, кабинетте 22 күн қондым", - дейді ол. 


 



 

 




Көрілген: 1787    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.06.2019, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30