Жұлдызды жаңалықтар

66 жастағы танымал актер немересімен жасты қызға үйленді

  • 66 жастағы танымал актер немересімен жасты қызға үйленді

    66 жастағы танымал актер немересімен жасты қызға үйленді

66 жастағы Голливуд актері Деннис Куэйд немересімен жасты қызға үйленді.

Деннис Куэйд «Құтқарушы», «Радио толқыны», «Айдаһар жүрегі» фильмдеріндегі рөлдерімен, сонымен қатар жас қыздарға деген көрсеқызарлығымен танымал.

 

2018 жылы ажырасқаннан кейін ол тағы да жас сүйіктісін жолықтырды. Жақында олар үйлену тойын жасады. 

Куэйдтің 27 жастағы Лаура Савоймен кездесетіні туралы жаңалық 2019 жылдың қазан айында белгілі болды. Бірақ жас жұбайлардың үйлену тойы қашан болатынын ешкім білмеді. Жақында ғана актер өзінің жұбайымен бірге Калифорниядағы Санта-Барбараға қашып кеткені белгілі болды, онда 2 маусымда тойын жасады.

Актер бастапқыда үйлену сәуір ауында Гавайиде жоспарланғанын айтты, бірақ коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты салтанатты кешті кейінге шегеруге тура келді. Бірақ ерлі-зайыптылар өздерінің маңызды күндерін көптеген достар мен туыстарсыз өткізгеніне еш өкінбейді.

Савой қазір докторантурада оқып жатыр. Ол күйеуінен 39 жас кіші. Ол үшін осындай үлкен жас айырмашылығына енді ғана үйреніп жатса, Куэйд үшін бұл үйреншікті жағдай. Себебі оның төрт әйелі де өзінен әлдеқайда жас болған. 

Желі қолданушылары жас қызды жар еткені актерді сынға алды. 

 
 

 




Көрілген: 502    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.06.2020, 14:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31