Жұлдызды жаңалықтар

Әбунасыр Серіковтың актер ұлы екінші рет шаңырақ көтергені рас па (фото)

  • Әбунасыр Серіковтың актер ұлы екінші рет шаңырақ көтергені рас па (фото)

    Әбунасыр Серіковтың актер ұлы екінші рет шаңырақ көтергені рас па (фото)

Елімізге белгілі әзілкеш, танымал актер Әбунасыр Серіков пен актриса Лиза Серікованың жанұясында өзгерістер болып жатыр. Өнердегі ерлі-зайыптылардың тұңғышы - театр және кино әртісі Әбілмансұр Серіков үйіне екінші мәрте келін түсірген сыңайлы. Актердің келіншегімен түскен суреті желіде пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Әбунасыр Серіковтың актер ұлы екінші рет шаңырақ көтергені рас па (фото)

Фото: Instagram; коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ақ орамалды жас келін мен Әбілмансұрдың cуретін Instagram желісіне Сәкен Серіков есімді жайдарманшы жариялаған.

Ол өз жазбасында қуаныштан жүздері бал-бұл жанған жас жұбайларға бақыт тілеген.

Сондай-ақ, Әбунасыр Серіковтің Ханшайым есімді қызы да "су жаңа" жеңгесімен түскен суретімен өз парақшасында бөлісті.

Серіковтер жанұясына түскен жас келіннің аты-жөні Ақмарал Танабаева екені белгілі болды.

Айта кетерлігі, екінші рет шаңырақ көтерген Әбілмансұр Серіковтің бірінші некесінен екі ұлы бар.

Актердің алғашқы әйелі де өнерден алыс емес. Атұстарлардың анасы Фариза Ещанованың мамандығы театр және кино артисі екен. Сондай-ақ, ол вокалдан сабақ береді.

Қызығы, екі баланың әкесі Әбілмансұр қазіргі ғашығы Ақмаралмен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы театрда бірге қызмет етеді.

Театрдың желідегі парақшасына сүйенсек, олар театр репертуарындағы бірнеше қойылымда да бірге бой көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 2734    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.01.2020, 17:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31