Жұлдызды жаңалықтар

«Ағайындар, тараңыздар!»: елде карантин жарияланып жатқанда, қазақтар той тойлап жүр (ВИДЕО)

  • «Ағайындар, тараңыздар!»: елде карантин жарияланып жатқанда, қазақтар той тойлап жүр (ВИДЕО)

    «Ағайындар, тараңыздар!»: елде карантин жарияланып жатқанда, қазақтар той тойлап жүр (ВИДЕО)

Сол жердің әкімі болса керек, сырт киімімен тұрған бір ер кісі қолындағы микрофонмен айқайлап, тойшыл қауымды таратуға тырысуда.

Бүгін журналист Абай Қабылша facebook парақшасына «Не дейсіздер? Кімдікі дұрыс?» деген тақырыппен белгісіз бір өңірдегі үйлену тойынан видео жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елімізге әлемді дүрліктірген ауыр дерт жетіп, соның салдарынан билік барлық ойын-сауық, той-томалаққа тыйым салып жатқанда, әлдебір қазақ отбасы тойханада дүркіретіп үйлену тойын жасап әлек. Сол жердің әкімі болса керек, сырт киімімен тұрған бір ер кісі қолындағы микрофонмен айқайлап, тойшыл қауымды таратуға тырысуда.

«Тамақтың барлығын қолдарына ұстатып-ұстатып жіберіңіздер! Тез-тез қимылдаңыздар, ағайындар! Қане, тұрамыз! Ағайындар, тараңыздар! Болмайды, болмайды...», - деп бір сөзін бірнеше рет қайталап, шыр-пыр етеді, «шақырылмаған қонақ». Ал оған құлақ асып, тырп еткелі отырған жұрт байқалмайды. Керісінше, үлкендер жағы ағайынгершілікке салып, «тойдың шырқын бұзбауға» шақырған сыңай танытты.

Бұл көріністі көрген желі қолданушылар «Тәртіп пен жауапкершілік жоқ жерде даму болмайды», «Бейқам халық. Біле тұра тойлағаны несі?», «Дұрыс. Ескертіп айтты. Жауапкершілікті сезіну керек қой. Әлі бейғам. Құдай сақтасын дейді де істей береді» деп той иелерін айыптауда.

 

 

 




Көрілген: 2991    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 15:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31