Жұлдызды жаңалықтар

"Әжелерді қағып кете беремін": Алматы полиция департаменті танымал блогердің сөзіне шүйлікті

  • "Әжелерді қағып кете беремін": Алматы полиция департаменті танымал блогердің сөзіне шүйлікті

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов танымал қазақстандық блогер Мейіржан Төребаевтың Instagram парақшасында айтқан сөзіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгін маған адам өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар қазақстандық блогер Мейіржанның инста-стористе айтқан видеосын жіберді. Видеода ол велосипедпен жүру кезінде алдынан шыққан әжелердің айғайлайтынын, сол себепті оларды “қағатынын” айтады. Үш миллион аудиториясы бар блогердің өзіне қарсы қорғансыз қарт адамдарға қатысты құқық бұзушылығын ашық мәлімдегенін көру өте өкінішті", - деп мәлімдеді Алматы полициясы бастығының орынбасары.

Рустам Әбдірахманов мәлімдемені жас, ақыл-ойы толыспағандар көріп, нұсқаулық ретінде қабылдап, осындай әрекет істеуі мүмкін екенін айтады. 

"Мейіржан Төребаевтың осындай мәлімдемесіне және бұл ісі үшін жазасыз қалуына наразымын", - деп жазды Әбдірахманов Instagram-да.

Айта кетейік, Instagram стористе Мейіржан Алматы әкімдігіне жүгінеді. Блогер ультиматум түрінде жаңа велосипед жолдарын салуды талап етті. Әйтпесе ол тыйым салынған жолдармен жүріп, алдынан ұрсып шығатын әжелерді “қағып” өте беретінін айтты. 




Көрілген: 940    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.08.2021, 13:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31