Жұлдызды жаңалықтар

"Әжейдің жылағанын көріп, шыдай алмадық": Өнер жұлдыздары су басқан ауыл тұрғындарына көмек көрсетуде (видео)

  • "Әжейдің жылағанын көріп, шыдай алмадық": Өнер жұлдыздары су басқан ауыл тұрғындарына көмек көрсетуде (видео)

Түркістан облысында бірнеше ауыл айдың күннің аманында су астында қалды. Өзбекстаннан жарылған су қоймасының салдары оңтүстік тұрғындарын әбегерге салды. Тұрғындарға көмек қолын созған адам саны көп. Олардың ішінде өнер жұлдыздары да бар.

"Ассалаумағалейкум, ағайын! Сіздердің бізді бақылап отқандарыңызды білеміз! Сондықтанда Мақтаралдағы жағдайды хабардар етіп отырмыз! Суға кеткен ауылдардың ішіндегі ең көп зардап шеккен алғаш соққы алған "Жеңіс" "Өргебас" ауылдарының тұрғындары екен! Қалған ауыл тұрғындарына да Алла бұйыртса барып қал-жағдайын біліп, қолдан келген көмегімізді көрсетеміз! "Тас түскен жеріне ауыр" дейді! Жағдай шын мәнінде ауыр. 45-50 жыл тұрған қара шаңырақтарын су астына кеткен ауылдарын қимай көз жасына ерік беріп жатыр, әрине бүкіл жұрт барша қазақ елі сіздерменен бірге! Дұғада болайық", - деп жазды Серік Ибрагимов.

Өнер жұлдыздары ел басына күн туған шақта түнделетіп жетіп, қиналған халықтың арасынан табылды. Азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар, басқ да қажеттіліктерін жеткізіп берді. Атап айтқанда "Өнер қырандары" театрының мүшелері, Серік Ибрагимов, Дос Мәлік, Жасұлан Базарбаев, Елдос Қадірханов, "Меломен" тобы, тағы басқалар халықтан ақша жинамай, өз көмегін көрсетті. 

Өнер ұжымы азық-түлік дайындап, жиырма тонна жүкті, он көлікке тиеп Түркістан облысына жөнелтті. Көшті Абай Бегей, Ринат Баситов, Роза Әлқожа, Ердос Қанев сынды азаматтар аманатты арқалап жолға шықты. Сын сығатта біз біргеміз деген әр азаматқа алла разы болсын!

"Қиналғанға қол ұшын созу- ол нағыз мұсылмандық. Елден шыққан ерлеріміз Мақтаралдық ағайынның жаныннан табылсақ деген ниетпен атқа қондық. Мұндай нәубетті Алла енді басымызға бермесін", - деп жазды Ердос.

"Бір кездері Сырдың суы тасығанда өкімет бей-жай қарап, арты осындай әзілге айналып еді. Өткеннен сабақ алып бүгін мұндай күлкіге қалмауға тырысу керек.. Бүгін кәсіпкер Досбол бауырым бастаған біраз өнер адамдары зардап шеккен жерге жетті. Ертең тағы өнер адамдарының  атынан қомақты көмек жолға шығады. Қолда бармен бөлісіп Мақтарал халқымен бірге екенімізді айтамын. Алла жеңілдігін берсін", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Желі қолданушылары қапы қалмай қол ұшын созға барша халыққа, өнер жұлдыздарына, еріктілерге алғысын айтып жатыр. 


Роза Әлқожа су басқан ауыл жайлы: Күннің астында өздері жүр, неге қаннен-қаперсіз жатырмыз


 

 

 

 




Көрілген: 738    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 21:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30