Жұлдызды жаңалықтар

Ақан Сатаев "Томирис" трейлерін сынаған парсыларға жауап берді

  • Ақан Сатаев

    Ақан Сатаев "Томирис" трейлерін сынаған парсыларға жауап берді


Қазақстандық режиссер, "Томирис" фильмін түсірген Ақан Сатаев тарихи драма желісіне түсіністікпен қарауды өтінді деп жазады ҚазАқпарат.



Аталған фильм Тұмар патшайымның қолбасшылығымен сақ тайпаларының ұлы даланы басып алғысы келген парсы патшасы ІІ Кирге тойтарыс бергенін баяндайды.


"Достар, "Томирис" фильмінің трейлері шыққан соң, маған Иран азаматтары пікір жаза бастады. Олардың ойынша, біз тарихты бұрмалап жатыр екенбіз, Геродот Томирис патшайымның парсы патшасы Кирге қарсы күресін ойдан шығарған... "Томирис" фильміне сценарий жазарда авторлар бүкіл әлем мойындаған Геродот еңбектеріне сүйенді. Бұл фильммен ешкімнің қытығына тигіміз келмейді, себебі біз шығармашылық киноны қалаймыз. Оның үстіне, өз заманының ұлы билеушісі болған Кир патшаны ерекше құрметтейміз", - деп жазды А. Сатаев өзінің Instagram парақшасына.

Режиссер Қазақстан ғана емес, бірнеше мемлекет есте сақтап келе жатқан арғы бабалардың тарихын баяндауды мақсат еткендерін жеткізді.


"Фильмнің еш саяси, діни астары жоқ. Әлемнің кез келген нүктесіндегі көрерменнің түсіністікпен қарауын сұраймыз", - деді Ақан Сатаев.

Еске сала кетсек, 18 шілдеде қазақстандық режиссер Ақан Сатаев «Томирис» тарихи драмасының трейлерін жариялады. Фильм 2019 жылдың күзінде көрермен назарына ұсынылады.






Көрілген: 2562    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.07.2019, 18:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31