Жұлдызды жаңалықтар

Ақбота-Нұр: Алдаға уақытта сүйікті адамымды кездестіріп, бақытты болам

  • Ақбота-Нұр: Алдаға уақытта сүйікті адамымды кездестіріп, бақытты болам

    Ақбота-Нұр: Алдаға уақытта сүйікті адамымды кездестіріп, бақытты болам

Әнші Ақбота бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловқа бақыт тіледі. Өзінің алдағы уақытта сүйіктісін жолықтыратынына сенімді. Ол балаларына жақсы әке болатын, өзіне қамқор болатын азамат жолыққанан қалайды. 

Бұл туралы әнші Жанар Айжановамен "Тәтті шай" бағдарламасында айтты.

 

Бастапқыда жұлдызды жұп ажырасуға қатысты ешқандай пікір бермейтінін айтқан болатын. Бұл жолы Ақбота Сейтмағамбет ашық сұхбат берді. Айдарқұловтың тәтті сөздеріне алданып қалдым, жас болдым деп ақталды. Өз қателігін жас қыздар қайталамаса екен деген ниетте.

"Қазір мені табалап, өзінен көрсін деп жатқан жұрт көп. Мен Дәуренмен танысқанда 18 жаста едім. Жас болдым. Дәуреннің тәтті сөздеріне алданып қалдым. Енді жас қыздар қателігімді қайталамаса екен деймін. Менің ақылдасатын, кеңес беретін анам болған жоқ. Мүмкін ата-анам тірілі болғанда отбасылы азаматпен бас қоспас едім. Анамның айтқанын тыңдар едім", - деді Ақбота. 

 

Әнші ажырасудың толық мән-жайын баяндамаса да, негізгі себептерін айтты. Жолдасының орынсыз қызғанышын жеткізді. Бастапқыда Дәуренге тоқал болуға дайын болған әнші қазір қайта қосылуға ниеті жоқ. Бұл түбегейлі қабылданған шешім дейді өзі. 

"Алдағы уақытта мүмкін 1-2 жылда сүйіктімді кездестіріп, бақытты боламын деп ойлаймын. Бастысы мен мұндай қиындыққа сынып кетпеймін. Менің де мінезім бар. Мен 24 сағат жұмыс істеймін. Мен біреудің сөзіне, мазағына сынып қалмаймын. Егер осал болам, әнші болмас едім. Актриса болмас едім. Дәурен кіммен болса да бақыт тілеймін. Бастысы балаларының әкесі екенін ұмытпаса болды. Балаларына қарайласады деп ойлаймын", - деді әнші. 

Дәурен Айдарқұлов екінші жары Ақботамен ажырасқанын айтқан еді. Екеуінің екі жаққа кетуіне Ақботаны кінәлап, жаман істер істеді деп жауап берді.

 

 




Көрілген: 1019    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 18:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30