Жұлдызды жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет: Тұрмысқа шығып, шетелге көшуім мүмкін

  • Ақбота Сейтмағамбет: Тұрмысқа шығып, шетелге көшуім мүмкін

    Ақбота Сейтмағамбет: Тұрмысқа шығып, шетелге көшуім мүмкін

Ақбота Сейтмағамбеттің өмірі мен өнерінде түрлі жаңалықтар бар. Әнші жаңа әндер жазып, бейнебаян түсіруді қолға алған. Ал жеке өмірінде, сүйікті азаматы кездессе, шетелге кетуі мүмкін екенін айтады. 

Бұл туралы "Ревю" бағдарламасында айтты.

 Ақбота Сейтмағамбеттің шығармашылығында жаңалықтар көп. Әнші әндерін жаңартып, жаңа әндер жазды. Дуэт айтты. Алдағы уақытта Азиз Балтабекұлыме дуэт айтпақ. Соңғы кездері әнші фото түсірілімдерге қатысып, имиджін де өзгерткенге ұқсайды. 

"Қазір жаңа әндер жазып жатырмын. Жаңа бейнебаян, фото түсірілімдерге барып жүрмін. Екі ұлымды анамның туған әпкесі қарап жатыр. Кейде өз ата-әжесіне апарып тастаймын. Кейде Дәурен қарайды. Қазір балаларымен қатынасы жақсы. Араласып жүр. Мен үшін ол жау емес. Ол балаларының әкесі. Екіншіден жұмысымыз, балаларымыз, табысымыз ортақ болғандықтан бірге жобаларға қатысамыз. Шақырту алсақ, бас тартпаймыз. Біздің жеке проблемамызға, біздің жеке өмірімізге жұмысымыздың қатысы болмау керек", - деді әнші.

Ақбота Сейтмағамбет болашақта Түркия барып актриса атануы мүмкін. Тіпті тұрмысқа шығып жатса, шетелге көшуден де бас тартпайды. 

"Егер тұрмысқа шығып жатсам, шетелге көшуден бас тартпаймын. Бірақ мен үшін туған жерім қымбат. Қазір түрік тілін үйреніп жүрмін. Түркияға анкеталарымды жіберіп жатырмын. Режиссерлерге актриса ретінде өзімді ұсынғаным бар", - деді Сейтмағамбет. 

Ақбота бір кездері хиджаб киіп, көп ұзамай қайта шешінді. Бұл әрекетін әнгшінің өзі түсіндірді. 

"Хиджабпен екі баламды асырау қиын болды. Шоу-бизнес әлемінде хиджабпен жүру тіпті қиын. Мүмкін өзім де дайын болмаған шығармын. Алдағы уақытта хиджабты қайта киемін деп ойлаймын. Жүрегімде иман бар. Мені даттайтын қыз-келіншектердің өзі оранған қыздар емес. Ал оранған қыздар мені қолдап жатады", - деді әнші.




Көрілген: 2282    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 14:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31