“Әке деп атамаймыз деді”: Жанель Мақажан күйеуінің балаларымен арақатынасы туралы айтты

08 желтоқсан 2021, 19:20

Жанель Мақажан күйеуі мен балаларының арақатынасы туралы ашық айтты. Актриса екінші жолдасының жақсы әке, жақсы жолдас екенін айтып, некеден кейінгі өміріне тоқталды.

“Абай мен балаларымның арақатынасы туралы сұрайтындар көп. Шынымды айтсам, бұрын екі балам да ешкімді әке деп атамаймыз дейтін. Ал Абай екеуміз некелескен соң қызым келіп “әке” деді. Одан кейін ұлым Құлмұхамед те “әке” деді. Оны естіп, Абай мәз болды. Балалармен арақатынасы бірінші күннен жақсы болды. Балалар да адамның жақсысын біледі ғой. Абайдың көңілі босап, көзіне жас келді. Олардың қатынастары жақсы”, – деді актриса парақшасынд.

Жанель Мақажан отбасымен жиі серуенге шығып, көңіл көтереді. Отбасына көп көңіл бөлуге тырысады. 

“Мен отбасыммен тауда қыдырып жүргенімді, кино көргенімді, тамақ жасап жатқанымды, табиғатқа шыққанымызды, атқа мініп, велосипед тепкенімізді көп елестетемін. Көп ұзамай өмірде сол іске асады. Бастысы, армандай білу керек. Алла, шын тілесеңіз, бәрін береді”, – деді Мақажан. 

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 Публикация от Жанель Макажан (@janellemakajan)
Айта кетейік, актриса өзінің шын махаббатпен тұрмыс құрып жатқанын талай рет айтқан еді. 

“Осындай бақытты қыздарымыз көп болғай! Ал қыздарды аялап бақытты ете алатын азаматтарымыз аман болсын!!”, “Алла бақытты ұзақ ғұмыр берсін. Иншалла тек қуаныш көріңіздер”, “Осы Жанель қыздың бақытты болғанын шынымен Аллахтан тілеген едім. Аман сау болыңыздар. Бақытты бол. Менің ең сүйікті актрисам”, “Бақытты болыңыздар, Алла тіл көзден сактасын!”, “Тәп-тәтті жұп, сондай қылықты, сіздерге қарап әдемі сәттерді бағалау керек екенін ұғынамын. Балаларыңызбен бақытты ғұмыр кешіңіздер. Алла сіздерге ұл-қызды қос қостан берсін”, – деп жазды желідегі жанкүйерлері. 

Айта кетейік, Жанельдің сүйіктісі – актер Абай Асылхан, өзінен 8 жасқа кіші. Ол Жанельдің жасына және екі баласының барына қарамастан, оны жан-тәнімен сүйетінін айтқан еді. Жанельге үйлену туралы ұсынысты маусым айында жасаған.