Жұлдызды жаңалықтар

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

  • АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың

    АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Лос-Анджелестегі сұлулық байқауында жеңіп шыққан Ақерке Ысқақ "қазақтың ұят болады" дегені ешқашан алға бастырмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Ақерке

Сурет: Sputnik Грузия

"Miss Asia USA-2019" байқауының жеңімпазы Ақерке Ысқақ бүгінде АҚШ-та өмір сүріп, білім алуда. Студент бола жүре моделдік қызметті де қатар алып жүр. Қызылорда тумасы Қазақстаннан көшіп кету себебін Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.  

Ақерке Ысқақ бала кезінен шетелде өмір сүруді армандапты. Арманына қол жеткізу үшін бойжеткен ақырындап ағылшын тілін үйрене бастайды. Осылайша, сән әлеміне бет бұрған Ақерке модель болуды ұйғарады. Алайда Қазақстанда бұл салада өзін дамыта алмапты. Себебі, Ақеркеге қазақтың ұят болады деген сөзі кедергісін келтіріпті.

"Қазақстанда өзімді жан-жақты көрсетуге, дамытуға мүмкіндік болмады. Өйткені, қазақтың ең мықты сөзі бар. "Ұят", "Ұят болады", "ұят болмасын" деген. "Жұрттан ұят болмасын" дәл осы сөздер менің дамуыма кедергісін келтірді. "Жұрт не дейді?..." деген түсінік мағынасыз мақсатқа жетелейтін сияқты", - дейді Ақерке Ысқақ.   

Лос-Анджелесте сұлулық байқауында Қазақстан атынан шыққан ару барлық қарсыласын басып озып, жеңіске жеткен. "Періштелер қаласын" бағындыру Ақеркеге оңайға соқпаған. 39 қатысушының ішінен суырылып алға шыққан арудың байқауға көп уақыты мен қаржысын жұмсаған.  

"Байқаудан жеңіп шыққаныма қуандым. Бірақ, мен жалпы эмоцияға берілетін адам емеспін. Сондықтан, мен қуанышты жаңалықты әдеттегідей қабылдадым. Дегенмен, байқауға көп дайындалдым. Көп күш жұмсадым", - дейді қазақ қызы. 

Ақерке бұл жетістігімен тоқтап қалмақ емес. Ол Қазақстан атынан тағы бір сұлулық сайысына қатысқалы жатыр. Байқау жақын күндері Майами қаласында өтеді.  

 

 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

сенбі, 07.12.2019, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30