Жұлдызды жаңалықтар

"Ақша салып, бәсекеге түседі": Көпен Әмірбек қазақ тойындағы кемшіліктерді тізіп берді

  • "Ақша салып, бәсекеге түседі": Көпен Әмірбек қазақ тойындағы кемшіліктерді тізіп берді


Танымал сықақшы Көпен Әмірбек қазіргі тойдың тәрбиелік мәні жоғалып бара жатқанын айтады. Сатирик бүгінде тойда кездесетін кемшіліктерді атады деп жазады Sputnik Қазақстан.


 

 

Көпен Әмірбек. Фото:

Көпен Әмірбек. Фото: "Жұлдыздар отбасы"


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Көпен Әмірбектің сөзінше, бұрын бойжеткен ұзатылып бара жатқан болашақ ана екенін және ол өзге шаңырақтың үрім-бұтағын таратуға бара жатқанын сезінесе, қазіргі арулар күйеуге шығып бара жатқанына қуанғандай болып көрінеді екен.


"Мысалы, қазақ ұлтының салты, әдет-ғұрпы мен дәстүрінің қаймағы бұзылмаған замандағы тойды бір сәтке елестетіп көріңізші? Мөлдір ме? Мөлдір. Сол кезде қызды ұзатқанда болашақ шаңырақтың беріктігін ұстайтын тәрбиемен ұзатып шағарып салды. Қыз болашақ ана екенін және ол болашақ шаңырақтың үрім-бұтағын таратуға бара жатқанын сезінеді.
Ал қазір тұрмысқа шығатын қыздарда, құдай-ай, сондай бір сәуледей ғана саңылау бар ма? Күйеуге шығып бара жатқанына қуанғандай болып көрінеді. Теңімді таптым-ау деген ғана бір мақтаныш бар", - дейді сықақшы.

Сатирик қазіргі үйлену тойындағы беташар рәсімін де сынға алды. Себебі бұрын келіннің бетін ашқанда ақша салатын дәстүр болмаса керек.


"Баяғыда келіннің беташары қалай болды? Әдемі дәстүр, әдемі әдеп, бір ғажап қуаныш пен шаттық болатын. Ал қазіргі беташарларда асабаның негізгі мақсаты - келінге көбірек сәлем бергізіп, қонақтардың қалтасын қағу. Анаған бір сәлем, мынаған бір сәлем дейді. Содан олар ақша салып, бәсекеге түседі.
Баяғы заманда беташар жасап, ақша тастайтын дәстүр бар ма еді? Жоқ. Ол қайдан келген нәрсе? Кешегі кеңес үкіметінің соңғы бір 10-15 жылында нарық заманына байланысты енді-ау деймін. Міне, тойдың сәні мен сымбаты да содан кетіп отыр. Соған етіміз үйреніп кетті", - деп түйіндеді Көпен Әмірбек.

 





Көрілген: 1193    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.11.2019, 23:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30