Актриса Жазира Еркін: Кәмшат Жолдыбаеваға лас кесеге шай құйып бергенмін

19 қаңтар 2022, 16:15

Қазақстандық актриса Жазира Еркін өзі жайлы қызықты деректерді айтты. Ол әншілермен жұмыс істеп жүріп, өзі ұялатын әрекеттерге барғанын жасырмайды. Одан бөлек мектептегі жылдарын еске алды.

Бұл туралы ол HIT TV арнасында айтты.

Жазира Еркін өз өмірі мен бастан өткерген қызықты жайтарын баяндады. Мектептегі тәртібі, мектеп бітіргеннен кейінгі өмірі мен мінезі туралы айтты. 

“Мен мектепте сабақтан қашатынмын. Боянғаныма байланысты үнемі сөз еститінмін. Мұғалімдер ұрсатын, мен жылайтынмын. Оқушылардың көзінше шығарып, тәртіпке салмақ болады. Бірақ мен бәрібір боянатынмын. Жоғары сыныптарда қалаға гимназияға бардым. Онда қыздар әдемі киініп, боянады екен. Мен де соларға еліктеп, бойжеткен шақта өзгеріп кеттім”, – дейді ол. 

Айтуынша, мектеп бітірген соң ҰБТ-дан 85 балл жинаған. Алайда оқуға түсе алмапты. Алғаш телеарнаға келіп, әншілермен жұмыс істегенін айтады. 


"Ешқайсысы ұнамады": Роза Рымбаева өзіне сөз салғандар туралы айтты
Иманбектің трегі ТМД-да алғаш болып миллиард рет тыңдалды

“Мен телевидениеде әншілерге шай құятынмын. Менің жұмысым сол болатын. Шай құюмен айналыстым. Бір күні Кәмшат Жолдыбаева келді. Менен шай сұрады. Мен шай құйып апарып бердім. Бірақ лас кесеге құйыппын. Кәмшат “кесеңіз лас екен, басқа кесеге құйып бересіз бе?” деп кесемді қайтарып берді. Мен ұялып қалдым. Сол үшін әлі де ыңғайсыздық сезінемін”, – деді жас актриса.

Жазира Еркін “Айжан”, “Бажалар”, “Қыз жолы” сериалдарында, басқа да биографиялық фильмдерде роль ойнады.

“Мен тарихи тұлғаны сомдауды армандайтынтын. Сол арманым жақында орындалып, Қажымұқан атамыздың жарының рөлін ойнадым. Жақында көрсетіледі. Бұл Қажымұқан  Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойына арналған фильм”, – деді актриса.