Жұлдызды жаңалықтар

«Ақын» Балтабек Елбасы Назарбаевтың қайтадан Президент болып келуін сұрады

  • «Ақын» Балтабек Елбасы Назарбаевтың қайтадан Президент болып келуін сұрады

    «Ақын» Балтабек Елбасы Назарбаевтың қайтадан Президент болып келуін сұрады

Елімізде Абайдан кейінгі "ұлы ақын" ретінде танылып жүрген Балтабек Нұрғалиев Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы да отты жырын арнады, деп хабарлайды Oinet.kz

Ақын бұл жолы Назарбаевтың қайта Президент болып келуін сұрады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымызға

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа! 

Еліңізге көп жақсылық еттіңіз,

Нұр-бағымыз – Елбасымыз – Тектіміз! 

Президенттік орныңызды босатып,

Бізді тастап қайда ғана кеттіңіз? 

Уа, Нұр-Сұлтан Әбішұлы – НҰР-АЙБЫН,

Сіз кеткенде, мен ерекше мұңайдым.

Тастап кеткен орныңызға оралып,

Президент боп келсеңіз деп сұраймын.

Сенген жандар аяң басып, сылбырап,

Болашақ күн тұр алдыда бұлдырап.

Алға баспай, артқа қарай шегініп,

Ел қуаты бара жатыр құлдырап!

Сіз кеттіңіз – жұт жайлады – құт тайды,

Деп айтпаңыз:

"Халқым соны ұқпайды?".

Сіз келсеңіз – ел өрлейді қайтадан,

Бұл сөзімді Ұлы Дала құптайды.

Оралыңыз, орныңызға қайтыңыз, 

Мәселенің жөнін бізге айтыңыз.

Бір өтініш өлеңменен жазылды,

Қабыл болсын мерекеңіз – Айтыңыз! - деп жазды ақын.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурыз айында биліктен өз еркімен бас тартқан болатын. Оның орнына Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланды.




Көрілген: 3152    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.07.2021, 03:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30