Жұлдызды жаңалықтар

"Әлемнің сұлулығын сыйдырған": Ұлттық киімдегі Сәдуақасова елді тәнті етті (видео)

  • "Әлемнің сұлулығын сыйдырған": Ұлттық киімдегі Сәдуақасова елді тәнті етті (видео)

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Мадина Сәдуақасова желіде ұлттық киіммен түскен видеосымен бөлісіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Желідегілер өнер иесіне қатысты оң пікірін білдіріп, оның өз ұлтына деген сүйіспеншілігіне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/ sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мадина Сәдуақасова аталмыш видеоларды Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

Онда әнші ұлттық киіммен Шарын шатқалында жүргенін аңғаруға болады. Бейнежазбада ол өзінің туған жерінің табиғатына сүйсініп тұр.

"Ата- бабаларымыз біздерге аманат етіп қалдырған жеріміз әлемдегі ешқандай жерге жетпейді ғой, шіркін" , - деп жазып қойған бейнематериалдың астына ол.

Желі қолданушылары Сәдуақасованы бұрын-соңды мұндай образда көрмегенін алға тартты.

Олар өнер иесіне киімі жарасымды екенін жарыса жазуда. Оған қоса, оқырмандар эстрада жұлдызының туған жеріне деген сүйіспеншілігіне тәнті болған.

"Туған жерімізге жетер жер жоқ бұл әлемде" , "Мадина сізге осы образ ерекше жарасады екен" , "Ең сұлу әртіссіз мен үшін" , "Мына образда ерекше әдемісіз" , "Ашық образдардан қарағанда осындай киім үлгісі жақсырақ" , "Дұрыс, өз туған жеріңде клип таспалағанын керемет ой" , - деп жазуда оқырмандар.
 
 

Сонымен қатар, желі қолданушылары Сәдуақасованың үстіндегі киім қай ұлтқа тиесілі екенін қызу талқылады. Бірі өзбектің ұлттық киімі десе, енді бірі түрікмендердің киімі деп топшылады.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың бейтаныс азамтқа сүйеніп тұрған фотосы тарап, елдің қызу талқысына түскен.

 

 




Көрілген: 2427    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 10:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30