Жұлдызды жаңалықтар

"Алғашқы романтикалық кешкі ас": Дана Есеева күйеуіне тосын-сый жасады (видео)

  • "Алғашқы романтикалық кешкі ас": Дана Есеева күйеуіне тосын-сый жасады (видео)

Танымал вайнер Дана Есеева күйеуі Мейіржанға арнап романтикалық кешкі ас ұйымдастырды. 5 баланың ата-анасы мұндай шараны некелік ғұмырларында алғаш рет ұйымдастырып отыр, деп жазады Stan.kz.

"Біздің алғашқы романтикалық кешкі асымыз. Бір жолы Мейіржан романтикалық кешкі ас ұйымдастырмақ болған. Бірақ біз балалармен бардық. Қызық болды, бірақ атмосфера бәрібір мұндай емес. 

Жақында неліктен мұндай асты өзім ұйымдастырмаймын деп ойладым?! Ол маған себепсіз сыйлықтар жасайды ғой. 

Тосын-сый оған арналғанымен, мен де керемет эмоцияға бөлендім. 
Негізінде қарым-қатынас - екі адамның еңбегінің жемісі. Махаббат үш жыл өмір сүреді дейтін адамдар онымен жұмыс істемейтін шығар?! Жұбына ештеңе бермейтін, тек алуды білетін адам шығар..

"Баспана мен азық-түлік арзан": Танымал қазақ продюсері Түркияда тұрудың артықшылықтары жайлы

Сүйіктілеріңізді қуантыңыздар. Ешқандай кінәратсыз және бірінші сен істеуің керек деген талапсыз. 

Біз мәңгі емеспіз, біздің махаббатымыз балаларымызда жалғасын тапсын. Сені бар жан-тәніммен сүйемін, Мейіржан", - деп жазба қалдырды Дана Instagram-дағы парақшасында.

Дана күйеуіне арнап балауыз бен ерекше тағамдар қойылған дастархан жайған. Кешкі ас үшін де Әл-Фараби көшесінің жоғарғы жағында орналасқан, Алматының бейнесі көрінетін әсем мейрамханалардың бірін таңдаған. 

Желі қолданушылары танымал жұпқа қызыға қарап, жылы лебіздерін білдіруде. 

"Алла отбасыларыңызды қорғасын", "Блогерлер ішіндегі ең үлгілі, керемет жұп", "Супер, Дана, көздеріңіз махаббатқа толы, жанып тұр, бақытты болыңыздар", - деп жазды олар.

https://www.instagram.com/dana_yesseyeva/?utm_source=ig_embed&ig_rid=c519e019-f45b-4176-acf4-18b7fc3800be




Көрілген: 709    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.08.2021, 12:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31