Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандарға 41 мың теңге айыппұл салынды

03 қыркүйек 2020, 00:59

Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандар 41 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі baigenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың үйлену тойының суреттері тарап кеткен еді. Тойдың Атырауда карантин кезінде өткені анықталды.

«19 тамызда Атырауда карантин талаптарына қарамастан той өткізуді ұйымдастырғандарға 15 АЕК (41 мың теңге) айыппұл салынды», - деп жазылған ақпаратта.

Ал қарындасын ұзатқан Төреғали Төреәлінің карантин талаптарын бұзғанын анықтау мүмкін болмады. Материалда құқық бұзушылық жасағаны туралы куәландыратын дәлелдемелер жинау жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, оларға айыппұл салынбайды.