"Алла қарапайымдылығыңнан айырмасын": Қытай қызымен тілдескен Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

31 қазан 2019, 12:14

Әлеуметтік желідегі қытай қызымен тілдескен Димаштың видеоcы жұртқа ұнап қалды. Көпшілік әншінің қимыл-қозғалысы мен сүйкімділігіне қайран қалғанын жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген

Әсіресе, желі қолданушыларына әншінің әртүрлі ым-ишара жасап әзілдескені ұнаған.

Жұлдыздың тыңдармандарының айтуынша, Аврора есімді қытай қызы «Вечерний Ургант» бағдарламасына Димаш үшін арнайы келген. Өзі дәл қазір Мәскеуде білім алып жатыр. Сондай-ақ, оның қазіргі мамандығын таңдауға Димаш себепші болған екен.

«Димаштың мұқият тыңдап тұрғанын қараңыздаршы», «Өзі сондай сүйкімді», «Алла қарапайымдылығыңнан айырмасын», «Димаш сендей жұлдыздың қарапайым болғаны үшін қуанамыз», «Димашымызбен осылай бетпе-бет тұрып тілдескен қытай қызында арман жоқ шығар» деп жазды желі қолданушылары.