Жұлдызды жаңалықтар

"Алла разылығы үшін кешірім сұраймын": Абай Бегейдің үлкен қызы қателігін мойындады

  • "Алла разылығы үшін кешірім сұраймын": Абай Бегейдің үлкен қызы қателігін мойындады

Абай Бегейдің қызы қателігін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.


Alt


Абай Бегейдің тұңғышы әкесінің екінші әйел алып, өмірін жалғастыруына қарсы болған. Тіпті әкесімен араласпай қойған еді. Бүгінде бір баланың анасы атынып үлгерген 23 жасар Ерке Абайқызы сол кездегі қателігін түсініп, әкесінен кешірім сұрады.


"Ең бірінші мені жаратқан Аллаға сансыз шүкір дегім келеді. Одан кейін жарық дүниеге келуіме себепші болған ата-анама рахмет! Дәл қазір анамның жанымда болғанын қатты қаласам да, Алланың ісіне көнбестен басқа шарам жоқ. Өзіме салса, қазір барлығы басқаша болғанын қалар едім. Не болса да, болған іс болды. Әкемнің шешіміне көне алмадым, ашуландым, қызғандым, бас тартамын деп те ойладым. Бірақ, Рамазан айында Алла разылығы үшін меннен кеткен қателіктер болса шын жүрегімнен кешірім сұрағым келеді. Сіздің де ашумен айтқан ауыр сөздеріңіздің барлығын ұмытамын. Сізде мені кешіріңіз", - деп әкесінен ағынан жарылып, кешірім сұрады.



Сонымен қатар, осы уақыт аралығында қаншалықты күйзеліске түсіп, жанының ауырғанын жасырмады ару.


"Сізден жырақта жүру, бауырларыммен сөйлеспеу маған да оңай болмайды. Ары қарай бұлай жалғасқанын қаламаймын. Жаңа құрған отбасыңызбен бақытты болуыңызды тілеймін", - дейді Ерке Абайқызы.


 

 




Көрілген: 2643    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 14:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31