Жұлдызды жаңалықтар

Алматыдағы ұшақ апатын бейнебаянына арқау еткен Нұрболат Абдуллин жұртты жылатты (ВИДЕО)

  • Алматыдағы ұшақ апатын бейнебаянына арқау еткен Нұрболат Абдуллин жұртты жылатты (ВИДЕО)

    Алматыдағы ұшақ апатын бейнебаянына арқау еткен Нұрболат Абдуллин жұртты жылатты (ВИДЕО)

Сценарий желісі бойынша отағасы Нұр-Сұлтанға жолға шығады.
 
<iframe width="740" height="416" src="https://www.youtube.com/embed/nRKSkjJr2HU" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин ұшақ апатынан қайтыс болғандардың рухына арнап бейнебаян шығарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сүйемін" деп аталатын бейнебаянда режиссер бір-бірінен айрылып қала жаздаған ерлі-зайыптылардың өмірін бейнелейді. 

Сценарий желісі бойынша отағасы Нұр-Сұлтанға жолға шығады. Жолдасы мінетін ұшақтың апатқа ұшырағанын естіген келіншек есін жоғалта жаздайды. 

Сүйіктісін барлық ауруханадан жан ұшыра іздеген әйел оны мүлде таба алмайды. Үмітін үзе бастаған әйелге кенеттен "Мен Нұр-Сұлтанға қондым" деген хабарлама келеді. 

Бейнебаянды көрген желі қолданушылары көзіне еріксіз жас алғандарын жасырмады. Олар бейнебаян астына оң пікірлерін жаудырды.

"Жүректі езетін лирикалық, тамаша ән екен", "Мен жыладым, жүрекке тиді", "Нағыз жүректі тербейтін ән", "Өнеріңіз шарықтай берсін", "Сізге той әндерінен гөрі, осындай лирикалық туындылар жарасады", "Аса актуалды тақырыпты көтеріпсіз, жарайсыз", "Үлкен тәрбиелік мәні бар туынды", - деп жазды олар.

Айта кетсек, Нұрболат Абдуллиннің бейнебаянында басты рөлдерді танымал ерлі-зайыпты актерлар Рүстем мен Жанар Жанамановтар сомдаған.

 

 




Көрілген: 1028    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.01.2020, 19:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30