Жұлдызды жаңалықтар

Алматыдағы ұшақ апатында Ернар Айдардың директоры зардап шеккен (фото)

  • Алматыдағы ұшақ апатында Ернар Айдардың директоры зардап шеккен (фото)

    Алматыдағы ұшақ апатында Ернар Айдардың директоры зардап шеккен (фото)

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Ернар Айдар 27 желтоқсан күні жерге құлап, бірнеше адамның өмірін қыршынынан қиған ұшақта өзінің директоры болғанын мәлімдеді. Анықталғандай, Дәулет Қожаберген әуе апатында зардап шегіп, бүгінде ауруханада жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Instagram/ernar_aidar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/ernar_aidar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ернар Айдар өз директорының жантүршігерлік ұшақ апатында зардап шеккенін Instagram парақшасында хабарлады. Бұл жайтқа көпшілік асқан алаңдаушылық танытқандықтан, өнер иесі оның қазіргі жағдайымен бөлісуді жөн көрген.

"Дәукабайдың жағдайы Аллаға шүкір, жақсарып келеді. Кеше кіріп сөйлескем, баршаңызға рахмет айтып сәлем жолдап жатыр. Аллаға шүкір. Барша науқасқа, Алла шипасын берсін" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, күні кеше болған жантүршігерлік ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.

Жолаушылары бар әуе кемесі ұша сала биіктікті жоғалтып, Алматы әуежайынының маңында құлады.

Оған қоса, бұған дейін Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған ұшақ бортында өнер адамдары да болғанын хабарлаған болатын.

Меруерт Түсіпбаева болса, аталмыш рейске билет алмақ болғандарын жарыса жазған желі қолданушыларына шүйлігіп шығып, олардың аяусыз сынап тастады. Ол өзінің тірі қалып, өзгелердің мерт болғанын мысқылдап жазу орынсыз екенін айтты.

 

 




Көрілген: 1071    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30