Жұлдызды жаңалықтар

Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

  • Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

    Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

Нью-Йоркте қазақ радиосы іске қосылды. Нақты айтқанда, «Freedom FM» радиосы күнделікті 2 сағатты қазақ тіліндегі жаңалық пен музыкаға арнайды. АҚШ-та «Qazaq time» радиосы қалай пайда болғаны туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жерлесіміз Данияр Қожан - Алматының тумасы. Ол қаладағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Нью-Йоркте тұрып, жұмыс істеп жатқанына 3 жылдан асқан. Онда Данияр адвокаттың PR менеджері болып қызмет етеді.

Сондай-ақ, отандасымыз АҚШ-та қазақ мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүр. Нью-Йорктегі «Qazaq time» радиосы санаулы күн бұрын ғана алғаш эфирге шықты.

Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулы Алмат Айдарбеков, «Жұлдыз ФМ» радиосындағы әріптестер және Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов оның бағдарламасына қонақ болған.

«Қазіргі заманда радионың рөлі бұрынғыдай әлі де зор. Ол тыңдармандарын жоғалтқан жоқ және қарқынды дамушы БАҚ болып отыр. Америкада қазақ радиосы эфирін таратуды қолға алдым. Сырт жерде бізге Қазақстан жетіспейді. Осы орайда қазақ радиосын ашу таңдауын жасадым. Мен қазақ халқының үнін бүкіл АҚШ-қа жеткізгім келеді. Осылайша ана тіліміздің дамуына өз үлесімді қосқым келеді», - деді Данияр Қожан.

Оның айтуынша, Нью-Йорктегі «Freedom FM» орыс тілді радиосының күнделікті 2 сағаты елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтар мен қазақ әуендеріне арналады.

Сондай-ақ, Америка төрінде ашылған алғаш қазақ радиосының шымылдығы әлемге танымал әнші, жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің әнімен ашылған.

Одан бөлек, жерлесіміздің мәлімдеуінше, радио желісінде шетелде оның ішінде АҚШ-та тұрып жатқан қандастарымыздың өмірі туралы айтылады.

Сонымен қатар туған жерге қатысты таңғажайып дүниелер туралы сыр шертіледі.

Тыңдармандармен керіс байланыс орнату мақсатында «Сұрақ-жауап» айдары бар. Онда радио тыңдаушылар өздерін қызықтырған сауалдарды эфир қонақтары мен жүргізушісіне жолдай алады.

«Менің мақсатым &ndash өз отанымды Америкаға таныстыру. Және осында тұрып жатқан қандастарымызға отанның дәмін сезгізу. Мен еліміздің бай тарихы туралы айтқым келеді. Бақытты балалық шағым, ұлтаралық достық және қонақжай үшін Қазақстанға алғысым шексіз. Мен ұлттық мәдениетімізді, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрімізді АҚШ-та кеңінен насихаттауға тырысамын», - дейді ол.




Көрілген: 1244    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.02.2021, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30