Жұлдызды жаңалықтар

Алтынай Жорабаева: Екі ұл баланы өмірге әкелгім келеді

  • Алтынай Жорабаева: Екі ұл баланы өмірге әкелгім келеді

    Алтынай Жорабаева: Екі ұл баланы өмірге әкелгім келеді

Алтынай Жорабаева өз отбасы мен әйелдердің отбасындағы рөлі туралы пікірін білдірді. Отбасы мен қыздарын мысал ете отыра, қазіргі әйелдердің қоғамдағы рөлін көрсетті. Әйел теңдігі мәселесіне қатысты ойын айтты. 

Алтынай Жорабаева "әйел ерінен бір саты төмен тұру керек" деген ұстанымда. Қалай дегенмен де бұл табиғи заңдылық деп санайды. 

 "Ерінен төмен болу - тек мықты әйелдердің ғана қолынан келеді. Бұл Алтынай Жорабаеваның авторлық сөзі. Біз отбасымызда 4 қыз екі ұл. Өзім де 4 қыздың анасымын. Алла қаласы енді екі ұлдың анасы болсам деген үмітім де жоқ емес.

Әкеміз бізді ұлдарынан артық көріп, еркелетіп өсірді. Әлі күнге бар жылы лебізін білдіріп отырады. Осыны көрген ағам да, інім де үйдің қыздарын ерекше құрметтейді. Қамқорлық танытып, керек жерінде қызметімізге жарап жүреді.
Жеңгеміз бен келініме де сондай сыйлы қатынас жасайды.

Қазір қарап отырсам, қыздарым да солай. Жолдасымды құрметтеп, сыйлап, еркелеп тұрады. Күйеуім де қыздарым десе ішкен асын жерге қойып, осыларды қуантуға барын салып жүреді.

Кешегі мерекедегі көтеріліске байланысты не ойларымды да білмедім. Көзбен көріп отырып үндемесең, ұлт тағдырына бей-жай қарағандай боласың. Ал бірдеңе жазсаң, постты өшіріп отыр", - деп жазды әнші. 

Жорабаеваныі айтуынша, әйел ерімен теңдесу арқылы өз нәзіктігінен, қадір-қасиетінен айырылады. Өзін құрметсіздік артады. Солайша өз абыройын ойран етеді. Керісінше, кішірейген әйелдің қадірі, сүйкімі артады деген ойын жеткізді. 

"Хош, әйел табиғатына оралайық. Ерінен бір саты төмен тұрамын деу, еркелемеу, құрметтелмеу, назданбау деген сөз бе? Сенімен теңмін де теңмін деп тепсініп жүріп, нәзік табиғатымыздан айырылсақ, нағыз құрметсіздік сонда болатын сияқты.

Әйел заты қашанда әлсіздігі арқылы ерінен қорғаныш күткен, қамқорлық тапқан. Еркелеу арқылы назын айтқан. Нәтижесінде сыйластықта жүрген емес пе?

Бұл ер мен әйелдің ортасына Аллаһ орнатқан бағдарлама. Бұдан қашып батысқа еліктеп болмысымызды бүлдіріп жатқанымызды байқамай қалмайық?", - деп жазды Алтынай Жорабаева. 

"Алла разы болсын! Ана алдында төмендеген еркек, Төбесі көкке тиіп тұрады. Ер алдында төмендеген әйел, Ар алдында биік тұрады!!!", - деп пікір жазды Балғынбек Имашев.

"Алла бағыңызды, қуанышты сәттеріңізді еселей берсін!", "Өте дұрыс айтасыз Алтынай ханым. Сөзіңізге қосыламын", "Егіз ұл тап, бақытты болуға лайықтысың", "Ер деп көтерген сайын ерлерімізде басымсынып бара жатыр әйелдерді. Бағыңыздың жанғанына қуаныштымын. Ұлды болыңыз. Қыздарыңызды ұзатып жібересіз. Қасыңызда қалатын жарыңыз адал болсын", -деп жазды желі қолданушылары. 




Көрілген: 1192    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 14:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30