Жұлдызды жаңалықтар

«Әнді таза айтпадың»: Толқын Забировадан сөз естіген Жұлдыз Өмірғали жылап қалды (ВИДЕО)

  • «Әнді таза айтпадың»: Толқын Забировадан сөз естіген Жұлдыз Өмірғали жылап қалды (ВИДЕО)

    «Әнді таза айтпадың»: Толқын Забировадан сөз естіген Жұлдыз Өмірғали жылап қалды (ВИДЕО)

Белгілі әзілкеш Аманғали Сыпабековпен "Егіз лебіз" жобасына қатысып жатқан әнші Жұлдыз Өмірғали қатаң сынға ұшырады. Толқын Забировадан сыни пікір естіген өнер иесі сахна сыртында жылап қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Егіз лебіз" жобасындағы қазылар алқасының мүшесі Толқын Забирова Жұлдыз бен Аманғалидің өнер көрсетуіне қатысты пікір білдіріп, Айқынның жарын жылатып қойды. Ол көпшілік алдында Жұлдыз Өмірғалидің ән айтқанына көңілі толмағанын ашық айтқан.

"Бір ерекше айтады ма деп күттім. Бұл жұптың селебритиі Аманғали болса, кәсіби әнші Жұлдыз болып тұр ғой. Жұлдыз өте әдемісің. Сахнаға осындай әдемі ұл-қыздар шыққанда мен қатты қуанамын. Бізге сондай адамдар керек. Сахна әдемілікті, нәзіктікті жақсы көреді. Бірақ, бір жек көретінім - әнді таза айтпау. Бұл жерде сен әнші болғандықтан бұл кешірімсіз нәрсе деп ойлаймын. Менің сыныма жақсы әрі түсіністікпен қарайсың деген ойдамын. Егер Аманғали солай айтып шықса мен түсіністікпен қараушы едім. Ал өзің кәсіби әнші болғандықтан таза айтпау, өзінің әуеніне түспеу кешірімсіз нәрсе" , - деді Толқын Забирова.

Жұлдыз Өмірғали сахнада түр білдірмегенмен, оның сыртында көз жасына ерік берді. Забированың сыни пікір білдірген сәті Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. 

https://www.instagram.com/qaz.stars/?utm_source=ig_embed
 




Көрілген: 3184    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.03.2021, 17:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30