Жұлдызды жаңалықтар

Әнші Абай Бегейдің бесінші перзенті дүниеге келді (ФОТО)

  • Әнші Абай Бегейдің бесінші перзенті дүниеге келді (ФОТО)

    Әнші Абай Бегейдің бесінші перзенті дүниеге келді (ФОТО)

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің бесінші перзенті дүниеге келді. Шоу-бизнес жұлдызы мен оның жары бұл жолы қызды болған деп жазады nur.kz

Қуанышы қойнына сыймаған әке бұл жақсы жаңалығымен бірден әлеуметтік желіде бөлісуді жөн көрген. Ол Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Аллаға шүкір! Ерке, Сымбат, Әминаның соңынан еретін қыз дүниеге келді" , - деп жазып қойды көпбалалы әке.

Сонымен қатар, өнер иесі дүние есігін енді ғана ашқан сәбиінің алғашқы суретін да жүктеді. Алайда, онда нірестенің тек қолы ғана көрінеді. Әншінің жанкүйерлері ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап, оларға деген өз ақ тілектерін білдіріп жатыр.

Оған қоса, эстрада жұлдызының өнердегі бірқатар әріптестері де көпбалалы әкеге құттықтауын жеткізуде. Олардың арасында Асхат Тарғын, Жазира Байырбекова, Төреғали Төреәлі және т.б. бар.

Белгілі болғандай, Абай Бегейдің жары күні кеше босанған. Ол өнер иесінің екінші әйелі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың ортақ екі баласы бар. Жаңа туған қыздан үлкен Мүсілім деген ұлдары бар.

Айта кетейік, әншінің алғашқы әйелі ауыр сырқаттан көз жұмған болатын. Эстрада жұлдызының бірінші некесінен үш қызы бар. Бастапқыда, екінші мәрте отау құрғанда Абай Бегейдің тұңғышымен арақатынасы бұзылып, кейіннен әкесі мен қызы мәселені шеше отыра татуласқан. 





Көрілген: 1631    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 12:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31