Жұлдызды жаңалықтар

Артур Төлепов Алматы қаласындағы аудан әкімінің кеңесшісі болды

  • Артур Төлепов Алматы қаласындағы аудан әкімінің кеңесшісі болды

    Артур Төлепов Алматы қаласындағы аудан әкімінің кеңесшісі болды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы &rdquoАлатау&rdquo ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды. Төлепов бұл лауазымда атқаратын қызметін өзі баяндап, халықтан қолдау сұрады. 

"Иа, достар! Солай болып жатыр. Алланың қалауымен, Алматы қаласы &rdquoАлатау&rdquo ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым. Маған сенім білдірген аудан әкімі Қалдыбеков Азамат Бескімпірұлына рақмет!Дүниедегі ең оңай жұмыс - кеңес беру ақыл айту. Ең қиыны - біреуге айтқан кеңесің мен ақылыңды өзің жасау", - деп жазды Төлепов.

Айтуынша, актер кеңешлілік қызметтен өзге міндеттерді атқаруды ұйғарған. Жоба жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған.

"Сондықтан, жап - жас басымызбен кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмыстарға тікелей араласқан жөн болар деп ойлап, Алмалы ауданындағы "Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің жұмыстарын да мойынымызға алып жатырмыз.

"Adaldyq alany" - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жобасы. Мақсаты - жемқорлыққа апаратын салдарды анықтау және болдырмау. Әсіресе, тұрмыстық коррупцияның алдын - алу. Жобаның фронт - кеңселері еліміздің барлық облыс орталықтары мен аудандарында бар. Соның бірінің жұмысы енді бізге жүктеліп жатыр.

Әрине, жемқорлықты жою, болдырмау - біз үшін қиял - ғажайып ертегі немесе фантастикалық әңгіме болып көрінуі мүмкін. Бірақ, әр ертегінің соңында адалдықтың мұратқа жететіні секілді, біздің өмірімізде де адалдық жеңіске жетуі керек емес пе? Адалдықтың ақ туының астында арамдыққа, ұрлыққа, жемқорлыққа орын жоқ.
Мемлекеттік қызметтегі жемқорлық елдің қыруар саласын тұралатты, елім, жерім деген талай азаматтың жолын кесті. Оны мойындау керек. Коррупция күшейгесін ғой әр өңірде "Adaldyq alan - дарының есігін айқара ашып жатқаны.

Абайдың "Адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы адамның ісі" - деген сөзіне қалай ойланбайсың? Осы сөзді әр азамат мақсаты пен мұратының межесі етіп белгілесе екен.

"Ақын болу - өз еркің, Азамат болу - міндетің!" - дегендей актёр, әнші болу еркімдегі шаруа ғой. Өнер - менің еркіндігімнің әлемі. Алайда, қоғамдық - саяси жұмыстарға араласу - біздің азамат ретіндегі міндетіміз.

Әрине бұл жолда сіздердің де қолдауларыңыз, ұсыныс - пікірлеріңіз керек. Өйткені, жемқорлықты Артур Төлепов емес, адалдық жеңеді. Ал, адалдық патшалығын "Adaldyq alany" кеңсесі емес халық құрады. Сол халықтың бірі бол!", - деп жазды Төлепов желіде.




Көрілген: 2279    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 15:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30