Жұлдызды жаңалықтар

"Арын қорғау үшін өзін өлтірген": Бағлан Әбдірайымов қазақ қыздарының қандай болу керектігін айтты

  • "Арын қорғау үшін өзін өлтірген": Бағлан Әбдірайымов қазақ қыздарының қандай болу керектігін айтты

"Еркегі мықты болған елдің, қыздары бақытты күн кешеді" дейді "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов. Instagram парақшасында әнші Қарағанды облысы, Ұлытау жерінде болған оқиғаны бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 


Бағланчик


Жаугершілік заманда болған оқиғаны бүгінгі күнмен салыстыра сипаттаған өнер иесі: 


"Қазақ - жоңғар соғысы кезінде тұтас бір ауылдың еркектері түгел соғысқа аттанады. Ауылда тек қыз-келіншектер, шал-кемпір, бала-шаға қалып қояды. Бейқам жатқан ауылдың үстіне жоңғар əскері келіп, еркегі жоқ ауылды қантөгіссіз басып алады. "Əй дейтін əже жоқ, қой дейтін қожа жоқ" жау əскері ойларына келгенін істейді. Бүкіл ауылдан ең жас, ең сұлу қыздарды таңдап, 40 қызды қатын қылуға айдап кетпекші болады.


Қамауға алынған қыздар, жылап-сықтап тұрғанда, 40 қыздың ішінен ең батылы шығып қыздарға: "Біздің аға-бауырларымыз, əкелеріміз жан алып, жан беріп соғысып жатыр. Біз болсақ жауға қатын болып бара жатырмыз, бүйтіп қорлықта өмір сүргенше өлгеніміз артық" дейді. Сөйтіп 40 қыз бір ауыздан өлу туралы шешім қабылдайды. Жау əскерінің қолбасшысына барып: "Соңғы тілегіміз болсын, туған жерімізбен қоштасайық, ауыл маңындағы көлге бір шомылып келуге рұқсат етіңіз" деп сұранады. Сөйтіп, 40 қыз қолұстасып көлге кетіп, батып өледі. Қыздардың бұл қылығын көрген жоңғардың төбе шашы тік тұрып, шошып қалады. Сонда жоңғарлардың айтқаны: "Мына қазақ намысшыл халық екен. Ар-намысын таптатпас үшін қыздары өздерін өлтірді. Егер осы ауылдың еркектері келсе бізге не болады?" деп қорқып жоңғар əскері ауылды тастап қашады екен" деп жазды әнші.


Қазақ қыздарының намысшылдығы мен тәрибелілігін жазғысы келген әншіге пікір білдіргендердің қатары көп болды. "Біздегі ар-намыс, қайсарлық сол кездерде, ата-бабаларымызбен бірге өліп кеткен секілді көрінеді кейде маған" десті оқырмандар.




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 13:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31