Жұлдызды жаңалықтар

Әсел Асқар: Күйеуім жүкті екенімді білген соң "түсік болатын шығар" деп ойлап жүр

  • Әсел Асқар: Күйеуім жүкті екенімді білген соң

    Әсел Асқар: Күйеуім жүкті екенімді білген соң "түсік болатын шығар" деп ойлап жүр

Актриса Әсел Асқар жақын күндері жолдасымен ажырасып кеткенін айтты. Көпшілік бұл жаңалықтың шынайылығына сенген жоқ. Алайда актриса жүкті екенін айтып сендірді. Дегенмен бұрынғы жолдасы сенімсіздік білдірген екен. 

Актриса желідегі парақшасында желі қолданушыларының сұрағына жауап берді. 

Көпшілік оның жолдасы мен жүктілігі жайлы сұрап жатыр. 

"Күйеуіме жүкті екенімді айттым. Бастапқыда сенген жоқ. Ер азаматтар көзі жетпейінше сенбейді ғой. Көзі жеткен соң енді сценарий бойынша түсік болатын шығап деп жүр. Бәрі ресейлік сериалдар секілді деп ойлап жүр. Бірақ мен ол туралы айтқым келмейді. Басқа нәрсе айтайықшы", - деді Әсел. 

"Ажырасқан, жалғыз қалған сәт ауыр емес пе?" деп сұрады оқырманның бірі. 

"Бастапқыда жаман болдым. Өтірік айтпай-ақ қояйын. Жалғыз қалғандай болдым. Жанымда жүрген адам жетіспей тұрғандай болды. Кейін үйреніп кеттім. Жұмыс бар, достарым бар. Үнемі қарбалас. Соның көмегімен тез үйренісіп кеттім. Жаяу қыдырамын, серуендеймін. Кітап оқимын. Жұмыстарыммен жүремін. Керісінше бұл кезеңді жақсы өткізіп жатырмын. Мен жалғыздықтан қорықпаймын. Мен мұндай кезеңдерден өткенмін. Әр нәрсенің өз қайыры бар", - деді Әсел Асқар. 

Айта кетейік актриса жақын күндері жолдасымен ажырасқанын мәлімдеген еді. Күйеуімен ажырасқанын айтқан актриса жүкті екенін білді. Енді ана болуға дайындалып жүр. 




Көрілген: 3337    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 16:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30