Әсел Сәдуақасова: Менің жасым 36-да, мен әлі де интимді қатынаста болған емеспін
Қазақстандық актриса Әсел Садвакасова Instagram желісіндегі жазылушылардың сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі актрисадан интимді өмір туралы сұрады. Көпті қызықтырған сұраққа Садуақасова жауап берді.
Желі жазылушылардың бірі Әселдің жыныстық қатынасқа түскен-түспегенін сұрады.
 "Мен 36-да, және әлі де интимді қатынаста болған емеспін", - деп жазды ол.
Жауап соңына күлген смайликтерді белгіледі. 
Сонымен қатар, актрисаның айтуы бойынша, көпшілік оған жеке өмірі туралы көп сұрақ қояды. 
"Мен бәріне бірден жауап беремін. Сіздер менің парақшамнан немесе басқа жерден мен туралы көп нәрсені көріп жүрсіздер. Менің жеке өмірім тек менікі. Сондықтан бұл менің жеке басымның өмірі. Мен шынымен жасырын интровертпін", - деді ол Instagram парақшасында.
Алайда ол қандай жігіттерді ұнататынын айтудан бас тартпады.
"Ең бастысы, адамгершілігі болуы керек. Мейірімділік таныта білу керек. Мен өзімнің мінезім берік адаммын. Мен үшін ер адамның менен күшті болуы керек. Балаларды және жануарларды жақсы көру керек. Ақылды, жомарт, әзілдей алатын және көп жұмыс істеуге әуес болса деймін", - деді актриса.