Жұлдызды жаңалықтар

Аша Матай 7 айдың ішінде 32 келі салмақ тастаған

  • Аша Матай 7 айдың ішінде 32 келі салмақ тастаған

    Аша Матай 7 айдың ішінде 32 келі салмақ тастаған

Аша Матай нәзік жанды оқырмандарына жан сырын ақтарды. Тележүргізуші екі жүктіліктен кейін қанша келі салмақ тастағанын және оған не көмектескенін ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Экранда мүсіні мінсіз, сырт келбеті көрікті Аша өзге арулар сияқты артық салмақпен күрескенін айтады. Тележұлдыздың бұл тақырыпты қозғауы бекер емес. Сөзіне қарағанда, арықтау, денені қалыпқа келтіру жайлы қыздар одан жиі сұрайды.

 
"Әрине, маған салмақ тастау оңай болған жоқ. Өздеріңіз білетіндей менің екі қызым бар. Жүкті келіншектерде болатын проблемалар мені де айналып өтпеді. 

Босанғаннан кейінгі депрессияны қоспағанда, артық салмақтан арылу қиын болды. Сіздер бізді, яғни, танымал адамдарды ылғи әдемі әрі сымбатты кейіпімізде көріп үйренгенсіздер. Бұл маған одан әрі ауыр болды. Себебі, тезірек артық салмақтан тастап, сымбатты қалпыма түскім келді.

Әрбір әйел өз ортасында, отбасында, күйеуінің алдында сымбаты келіскен сұлу жар болғысы келеді. Сәнді көйлегін киіп, әдемі болғысы келеді. Мен де осы жолда арманымдағы салмаққа қол жеткізу үшін көп күш салдым", - дейді Аша ағынан жарылып. 

Арман Қоңырбаевтың келіншегі бірінші жүктілігінен кейін 7 айдың ішінде 32 келі, ал екінші жүктілігінен кейін 4 айда 19 келі салмақтан арылғанын айтады. 

"Қуанышымда шек жоқ, әрине, бәріне қолымды бір сілтеп тастап кеткім келген кездер болды. 10 кг-нан соң, соған да шүкір деп жүре бергім де келді. Бірақ, мені қазіргі қалпыма қол жеткізуге итермелеген менің жұмысыма деген махаббатым мен қойған мақсатым.

Қымбатты менің оқырмандарым! Бақытты болатын сәт келді! Сұлу болудан қорықпаңыздар! Бәрімізде қиындықтан өтеміз: артық салмақ, сөгу, төмен самооценка, наразы көзқарастар. Бірақ, бұл бәріне қол сілтеп отыра беру деген сөз емес. Әрқашан шығар жол табылады. Өздеріңізді қолға алып, бұрын жасауға қорыққан нәрсені жасаңыздар! Әр әйел адам әдемі болғысы келеді! Айнаға қарап өзіне тамсанғысы келеді! Бәрібір, әрқайссымыз идеал дене қалаймыз ғой. 

Қалай ойлайсыз, осы салмаққа жетуге маған қандай "сиқырлы таяқша" көмектесті? Сразу айтайын, таблетка емес", - деді Аша.

Тележүргізуші келесі постында қолданған тәсілдері мен құпияларын ашуға уәде берді. 




Көрілген: 2155    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.08.2021, 09:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30