Жұлдызды жаңалықтар

Аша Матай күйеуіне ұл сыйлауды армандап жүр

  • Аша Матай күйеуіне ұл сыйлауды армандап жүр

    Аша Матай күйеуіне ұл сыйлауды армандап жүр

15 жылдан бері халықтың алдында жүрген Аша Матай сан қырынан танылды. "Біржан сал" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдап, актриса ретінде танылды. Кейіннен ән айта бастады. Ал бүгінде тележүргізуші ретінде танымал.

Мұны Аша басыма қонған бармақтай бақ деп санайды. Бұл туралы ол Аман Тасығанның TalkLike жобасында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Әр адам басына бақ қонған сәтті сезіну керек. Аллаға шүкір, бұл бақты қашанда бағалап келе жатқан сияқтымын... Мен өзімді бақытты сезінемін. Көп үлкен белестерді бағындырдым деп айта алмаймын. Бірақ кез-келген қадамға қуанамын. Кез-келген өмірдің сыйын қабылдай аламын", - деген Аша мұның барлығы бірінші Алланың, екінші ата-анасының арқасында болғанын айтты. 

Бұдан бөлек, тележүргізуші қайын жұртының өнерге деген көзқарасы жайлы сөз қозғады.

"Менің отбасым түсінді. Қоңырбаевтар әулетіне келін болып кім түсіп жатқанын білді. Сондықтан тыйым қойған жоқ. Арман кей кездері артқа тартып тұрады. "Келінсің, анасың, менің жұбайымсың", - деп тұрады. Ол ер азаматқа тән қасиет деп ойлаймын. Біріншіден, қызғаншақтық, екіншіден "тәйт" деп тұру керек деп ойлаймын. Оған көнемін. Көнбеймін деп айта алмаймын, бірақ "басқаша болса қайтеді?" деп әйелдік харизмамды қосатын кездер болады. 

Бірақ "жоқ" десе жоқ қой", - дейді Аша.

Сондай-ақ, Аша Арманға ұл сыйлағысы келетінін жасырмады.
Айта кетейік, жұлдызды жұп Арман мен Ашаның Асылым және Айым атты екі бұрымдысы өсіп келеді.




Көрілген: 2555    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31