Жұлдызды жаңалықтар

«Ата-аналары тойды бірігіп жасауда»: Данагүл Темірсұлтанованың қызы тұрмысқа шықты

  • «Ата-аналары тойды бірігіп жасауда»: Данагүл Темірсұлтанованың қызы тұрмысқа шықты

    «Ата-аналары тойды бірігіп жасауда»: Данагүл Темірсұлтанованың қызы тұрмысқа шықты

Желіде тараған видео кадрларынан танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанова құдаларын ерекше қошеметпен қарсы алғанын байқауға болады.

«Ата-аналары тойды бірігіп жасауда»: Данагүл Темірсұлтанованың қызы тұрмысқа шықты



Актриса Айым Сейтметованың ұзату тойы Алматы қаласында өтуде. Өнер иесінің естен кетпейтін қуанышында көптеген танымал тұлғалар бой көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Мерекелік кеш Алматыдағы қымбат мейрамхананың бірінде болып жатыр. Желіде тараған видео кадрларынан танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанова құдаларын ерекше қошеметпен қарсы алғанын байқауға болады.


Сондай-ақ, күйеу жігіт Талғат пен қалыңдық Айымды бір топ өнерпаздар сахналық қойылым арқылы көпшіліктің алдына шығарды.


Желі оқырмандарының пікіріне сенсек, екі жастың ата-аналары тойды бірігіп жасауда. Себебі, Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова және олардың туыстары бірден ақ жол төсеп, Айымды қыздардың сыңсуымен күйеу баласының қолына табыс етті.


Ұзату шарасы мейрамхананың жазғы алаңында өтті. Ал үйлену тойы аталған мекеменің ішінде ұйымдастырылған.


Той залына кірген екі жастың қонақтар алдында некелері қиылып, жүзіктері тағылды.


Еске сала кетсек, бұған дейін Айым Сейтметоваға сырға салынып, актриса өзінің ұзатылар рәсімін ерекше стильде атап өткен еді. Кейін Айымның анасы Данагүл Темірсұлтанова қызының жасауын көпшілікке көрсетті.


sn.kz









 







 




Көрілген: 6619    Пікірлер: 0

сенбі, 19.10.2019, 12:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30