Жұлдызды жаңалықтар

"Атағы жоқ": Белгілі актер Әбунасыр Серіковтің қызы әкесі жайлы шындықты айтты (видео)

  • "Атағы жоқ": Белгілі актер Әбунасыр Серіковтің қызы әкесі жайлы шындықты айтты (видео)

Отандық кинофильмдерде жиі бой көрсететін Әбунасыр Серіковтің ешқандай атағы жоқ. Бүгінде комедия жанрындағы картиналарда басты рөлдерді сомдап жүрген актер өзі түскен туындыларды да көрмейді. Алайда Серіковке халықтың пікірі аса маңызды. Бұл туралы әзілкештің қызы Ханшайым Серікова айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Juldyzdan Jaryq" бағдарламасына сілтеме жасап.

Видеодан кадрлар: Youtube, Gakku TV

Видеодан кадрлар: Youtube, Gakku TV

Ханшайымның өзі де өнер жолына бет бұруға әзір. Бірақ ол өз саласында жетістікке ата-анасының қолдауынсыз жеткісі келеді. Себебі, алғашында өнер академиясында білім алу туралы ойын жанұясы қолдай қоймаған. Алайда тағдырдың айдауымен арудың жолы өнермен тоғысыпты.

"Әкемнің өнерге келуіне үй-іші, ата-әжеміз қарсы болған. Біз үшін әкем халық әртісі. Жақында "Халық әртісі" атағын анам алды. Әкемде атақ жоқ. Өзі түскен фильмдерді көрмейді. Бірақ "фильм қалай?", "халыққа ұнап жатыр ма?" деп сұрап отырады",- деді Ханшайым.

Халық көңілінен шығып, көпшіліктің көзайымына айналған актердің қызы мансапқа қарағанда отбасылық өмірді алға қояды. Сондықтан, ол анайы рөлдерге қарсы. Әлі келін атанбаса да, болашақ ата-енесі мен өз әке-шешесінің абыройын жоғары ұстауды дұрыс деп санайды.

 
 

Айта кетейік, осыған дейін Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, әкесі туралы тың ақпараттармен бөлісті.

 

 




Көрілген: 8454    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 09:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31