Жұлдызды жаңалықтар

"Атың өшкір кредит": Азия мен Бақайдың жаңа бейнебаяны желіні "жарды" (видео)

  • "Атың өшкір кредит": Азия мен Бақайдың жаңа бейнебаяны желіні "жарды" (видео)

"Азия" мен "Бақай" тобының "Атың өшкір кредит" деген атпен жаңа бейнебаяны жарыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Бір тәуліктің ішінде жүз алпыс сегіз мыңнан астам көрілім, мыңнан астам пікір жинап үлгерген бейнежазба желіні "жарды". Топты алғашқылардың бірі болып құттықтап, бейнебаянын желіге бөліскен Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбек болды.


"Тұсаукесер! Азия мен Бақай жаңа бомба жаруға дайын, ал сіз дайынсыз ба?! "Атың өшкір кредит" атты су жаңа ән мен бейнебаянды қабыл алыңыздар!" - деп жазды Нұртас Айдарбек.



"Несиесіз қазақтың болашағы жарқын болсын", "Опмайдай хит болмайды, бірақ Бақай мен Азия қосылса, жарады әңгімеміз жоқ", "Шын өмірдегі оқиғаны өлең қылып шығарып жатыр, жарайсыңдар", "Бейнебаянды несие алып түсірген сияқты", "Бақайдың форматына келетін шығар, бірақ, Азия тобы несиеге белден батқан қарапайым xалық сияқты шығармашылық дағдарыста тұншығып жатқан екен. Амалсыздан айтылған ән", - деп пікір білдіріп, бірі мақтап, енді бірі даттап жатты.




Көрілген: 1500    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.05.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30