Атышулы Динагүл Тасова сахнаға тағы да жалаңаш шықты

06 қараша 2019, 20:38

Петропавл қаласында өткен Petro Fashion Event көрсетілімінде Динагүл Тасова жалаңаш образда шықты.

Атышулы Динагүл Тасова сахнаға тағы да жалаңаш шықты 

"Петропавл қаласында Petro Fashion Event көрсетілімі өтті. Бұл Петропавл қаласындағы дизайнерлердің сән көрсетілімі. Көрсетілімде 5 жергілікті дизайнер, 26 жергілікті модель қатысты.

Мені арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан шақырды. Қонақжайлық үшін, жылы қабылдағандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Ұйымдастырушылық елордадағыдай деңгейде болды", - деп жазды модель парақшасында.

Желідегілер модельдің бұл әрекетін сынап, пікір қалдырды.

"Одан басқа хайп таппады ма, ешкімге жалаңаштану қызық емес", "Адам қарауға жиіркенеді", "Жасанды екені көрініп тұр ғой, несіне мақтанады", - дейді желі қолданушылары.