"Аямай соттап, жазалау керек": Меруерт Түсіпбаева келінінің бетін күйдірген қайын апа туралы

22 шілде 2021, 09:58

Қайын жұрттан қорлық көрген келіндер тақырыбы Меруерт Түсіпбаеваны қатты алаңдатады. Әнші бұған дейін енесімен тіл табыспаған Айжұлдыз Адайбековаға қолдау көрсетсе, енді келінінің бетін шанышқымен күйдірген қайын апаны жазалау керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Мен жақында ғана біздің еркелетіп өсірген қыздарымызды күң қылатын қайын жұрт туралы жаздым... Пікір 50:50! Маған негатив жазғандар болды! Ал, енді?! Осы тақырыпты қалай қозғамайын?! Мынау екінші фотодағы қайын апасы, келінінің бетін вилка қыздырып басыпты. 

 
Бұл не қылған жауыздық десеңші, а?! Міне, келін-қайынжұрт тақырыбы осындай! Бағила деген сұмырайды аямай соттап, басқа қайын апалар келіндеріне жоламайтындай қылу керек! Жазалау керек!! @gulmir_ktk қолдаймын", – деп пікір білдірді ол Instagram-дағы парақшасында. 


Айта кетейік, Түркістан облысында қайын апасы газды жумағаны үшін келінінің бетін шанышқымен күйдірген. Ақпарат әлеуметтік желіде тарағаннан кейін, полицейлер бірден тексеріске алды. Ал келініне мұндай жауыздықты көрсеткен қайын апа кеше елдің алдында кешірім сұрады.